Әлем

Аңызға айналған «Moskau» әнінің орындаушысы қайтыс болды

Вольфганг Хайхель, әйгілі Dschinghis Khan тобының негізін қалаушылардың бірі және танымал «Moskau» әнін орындаушы, 75 жасында қайтыс болды. Бұл туралы әртістің өкілдері әлеуметтік желілерде мәлімдеді,-деп хабарлайды brifing.kz

Әнші 20 қаңтарда өмірден өткен, алайда бұл ақпарат енді ғана жарияланған. Хайхельдің туыстары мен әріптестері бұл қайғылы жағдайдың олар үшін күтпеген жағдай болғанын айтты.

«Соңғы жылдары әнші денсаулығына байланысты мәселелермен үлкен сенімділік пен рух күшінің арқасында күресіп келген еді. Алайда жағдайы айтарлықтай жақсарған кезеңнен кейін оның қайтыс болуы отбасы, достары және әріптестері үшін мүлде күтпеген жағдай болды», – делінген мәлімдемеде.

Денсаулығының кенеттен нашарлау себептері мен өлімінің нақты мән-жайы жария етілмеді.

Вольфганг Хайхель 1979 жылы продюсер Ральф Зигель халықаралық Евровидение байқауына қатысу үшін құрған Dschinghis Khan тобының алғашқы құрамына енген. Топ байқауда дәл осы атаудағы әнмен өнер көрсетіп, құрметті төртінші орынды иеленгеннен кейін әлемге кеңінен танылды.