Жаңалықтар

Былтыр Қазақстандағы американдық студенттердің саны рекордтық деңгейге жетті

Өткен жылы Қазақстанға АҚШ-тан келген студенттердің саны академиялық алмасу тарихындағы ең жоғарғы деңгейге жетті. Бұл туралы АҚШ елшісі Джули Стаффт мәлімдеді,- деп хабарлайды brifing.kz

«Біз 100 студент шегіне жеттік және болашақта бұл санды арттыру үшін жұмыс істейтін боламыз», – деді елші.

Сол сияқты, өткен жылы АҚШ-та оқыған қазақстандық студенттердің саны да ең көп болды. Стаффт олардың нақты санын айтпады. Ол американдық оқу орындарында білім алу үшін Қазақстанның болашақ түлектері саны одан әрі көбейеді деп үміт білдірді.

Республика тұрғындары әлі де АҚШ-қа мыңдаған визалар алып отыр, және оқу визалары да одан тыс қалған жоқ.