Доллар бағамы 492 теңгеге жақындады: биржа деректері
Қазақстан қор биржасында (KASE) 16 ақпанда сағат 17:00-дегі АҚШ долларының орташа салмақталған бағамы 491,90 теңге деп белгіленді,- деп хабарлайды brifing.kz
13 ақпандағы сағат 17:00-дегі деректермен салыстырғанда (1 доллар = 495,73 теңге), ұлттық валюта долларға қатысты 3,83 теңгеге нығайды деп хабарлайды Kapital.kz-тің іскерлік ақпарат орталығының тілшісі.
KASE мәліметі бойынша, сауда барысында минималды курс 1 доллар үшін 490,45 теңгеге, ал максималды – 495 теңгеге жетті. Сауда-саттықтың жабылу бағамы – 491,20 теңге. АҚШ валютасындағы сауда көлемі 217 млн 718 мың долларды құрады. Валюта операциялары бойынша жасалған мәмілелер саны – 672. 15:30-дегі долларға орташа салмақталған курс 491,97 теңге болды.
kurs.kz деректері бойынша, астанадағы айырбастау пункттерінде 17:12-дегі АҚШ долларын сату үшін максималды курс – 497 теңге, Алматыда – 496,5 теңге.
Ұлттық банк 16 ақпандағы ресми курсты 1 доллар үшін 496 теңге деп белгіледі. 17 ақпанда, ресми курс белгілеу тәртібіне сәйкес, 1 доллар = 491,97 теңге болады.