Доллар бағамы 500 теңгеге жақындады
20 ақпанда сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Қазақстан қор биржасы (KASE) алаңында доллардың орташа сараланған бағамы 496,04 теңгені құрады. 19 ақпанда сағат 17:00-дегі көрсеткішпен (1 доллар үшін 489,77 теңге) салыстырғанда, ұлттық валюта долларға шаққанда 6,27 теңгеге әлсіреді, – деп хабарлайды brifinq.kz
Сауда аптасының қорытындысы бойынша ұлттық валюта 2,69 теңгеге әлсіреді. Дүйсенбі, 16 ақпанда, сағат 15:30-дағы орташа сараланған бағам 1 доллар үшін 491,97 теңгені құраса, жұма, 20 ақпанда – 494,66 теңге болды.
KASE мәліметінше, сауда барысында ең төменгі бағам 492,61 теңге, ең жоғарысы – 500,38 теңге болды. Жабылу бағамы 499,40 теңгені құрады. АҚШ валютасы бойынша сауда көлемі 424 млн 829 мың доллар болды. Валюталық операциялар бойынша 983 мәміле жасалған.
kurs.kz дерегіне сәйкес, сағат 17:19-дағы жағдай бойынша елордадағы айырбастау пункттерінде долларды сату бағамы ең жоғарысы 503 теңге болса, Алматыда – 505 теңге болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген 20 ақпандағы ресми бағам – 1 доллар үшін 489,17 теңге. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, 21–23 ақпан күндеріне ресми бағам 494,66 теңге болып белгіленеді.