Әкімнің сөзінше, дәмханадағы жарылыстан 28 адам зардап шекті, 7 адам қаза тапты, оның ішінде біреуі кәмелетке толмаған. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр.
Әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз мойнына алды. Сондай-ақ марқұмдардың туыстарын орналастыру және тасымалдау бойынша көмек көрсетіледі.
Еске сала кетейік, Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрғын үйдің астыңғы бөлігінде орналасқан мейрамханада газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққанын хабарлаған едік.