Денсаулық

Әскерге шақырудан жалтарған азаматтарға қандай жаза қолданылады?

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскерге шақырудан жалтарған азаматтарға қандай жаза қолданылатынын айтты,– деп хабарлайды brifinq.kz

Журналистер министрге әлеуметтік желіде “әскерден жалтарғандар түрмеге қамалады” деген ақпарат тарағанын айтып, оның қаншалықты рас екенін сұрады.

Министрдің сөзінше, әскерге шақырту кезінде әскери комиссариатқа келмеген азаматтардың деректері ішкі істер органдарына жолданады.

“Олар іс қозғайды. Алдымен әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Кейін қылмыстық жауапкершілік көзделуі мүмкін. Бас бостандығынан айыру туралы шешімді сот қабылдайды”, – деді Қосанов.