Түркия Иран азаматтарының елге кіруіне уақытша тыйым салды
Түркия Иран азаматтарының өз аумағына кіруін уақытша шектеді,— деп хабарлайды brifinq.kz
Жаңа ережелер басқа елдердің азаматтарына қатысты емес. Анкара мен Тегеранді байланыстыратын негізгі үш өткізу бекеті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Ресми деректерге сәйкес, соңғы бір тәулікте осы бекеттер арқылы Түркия аумағына 350 көлік кірген. Олардың басым бөлігі – жүк көліктері.
Түркия шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтті. Өткізу бекеттерінде құжаттар күшейтілген тәртіпте тексеріліп, қажетті кедендік рәсімдер жүргізілуде.